Волонтерлар қарттарға дәрі-дәрмек пен бетперде үлестірді

801

0

Жақсылық жасау – жүректің ісі. Ал, оның ішінде үлкендерімізді құрмет тұтып, қолдау таныту құптарлық бастама.


Жастар «Бетперде тағып жүрейік!» науқаны аясында Қарттар үйіне қажетті дәрі-дәрмектер қорын, 500 бетперде табыс етті. Бұдан бөлек, 40 жалғызбасты мүмкіндігі шектеулі жанға, қала тұрғындарына да бетперде үлестіріп, ақ тілек пен батаға бөленді.


Волонтерлік ұр­да-жық ұран емес, шын көңілдің, рия­сыз ықыластың ісі. Бұған дейін де еріктілер талай жанның тіршілігі тұралап тұрған тұста көмекке келіп, азық-түлік пен ансептиктерді таратты, рейдтік жұмыстарға да атсалысты.


Мұнда жеке басы­ның қамын күйттемей, барын жұрт­пен бөліскен жүздеген кәсіпкердің, ел ағаларының да еңбегі бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<