Ынтымақтастық жемісі

556

0

Облыс әкімі  Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасымен өңірді қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Аймаққа өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратын әкелу үшін халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнатылды. Нәтижесінде республикалық бюджет есебінен 68 (ИВЛ) аппаратқа қосымша тапсырыс берілді.

Сонымен бірге, жақын күндері демеушілік көмек ретінде Түркиядан 10 аппарат ауруханаларға жеткізілмек. Бұдан бөлек, ҚР Цифрлық даму, инновация­лар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан Байқоңыр қала­сын­дағы ауруханаға 1 аппа­рат әкелінеді деп жоспарлануда.

Облыстағы ауруханаларда өкпені жасанды желдететін 64 аппарат жұмыс істеп тұр. Оның 29-ы қалада, 25-і аудандық ауруханаларда орналасқан.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<