Жаңа автовокзал құрылысы қарқынды жүруде

491

0

Фото: Облыс әкімдігі

Сенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария өзенінің сол жағалауындағы автовокзал құрылысымен танысты.

Заманауи үлгідегі, салынуына 975 млн теңге бөлінген автовокзалда жолаушыларға қолайлы жағдай жасалып, қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Ғимаратта күту залы ғана емес, сонымен қатар ірі сауда және қоғамдық тамақтандыру орындары, автокөлік жөндеу цехтары жұмыс істейтін болады. Пайдалануға берілгеннен кейін 124 рейс бойынша 55 автобус маршруты ашылады.

Айта кетейік, автовокзалдың жоба-сметалық құжаттамалары мен сараптама қорытындысында құрылыс жұмыстарының ұзақтығы 10 ай деп белгіленген. Жаңа нысан 2024 жылдың маусым айына пайдалануға берілуі тиіс. Дегенмен, мердігер мекеме – «Техоснастка Ремсервис» ЖШС автовокзалды 2023 жылдың шілде айында бастап, 2024 жылдың наурыз айының соңында, яғни жоспардан 3 ай бұрын аяқтамақ.

Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының 85%-ы орындалды. Оның ішінде, әрлеу жұмыстары 81,2%, инженерлік желілер 85,6%, электрмен жабдықтау 80%, абаттандыру 78,3% дайын.
Аймақ басшысы құрылыс сапасын қадағалауды тапсырып, мұндағы жұмыстар тікелей бақылауында болатынын ескертті.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<