Жаңа клуб құрылды

498

0

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі базасында Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілерінің кездесуі өтті.

Келелі кездесуде клуб мүшелері осы кезге дейін атқарған жұмыстарымен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, жұмыс ауқымын кеңейтуге келісті.

Басқосуда бірнеше уақыттан бері талқыланып келген Жастар комитеті жетекшілерінің клубы құрылды. Жетекшісі болып жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Бексұлтан Еркінбекұлы тағайындалды. Орталық директорының орынбасары Ерлан Мырзалыұлы жастар ұйымдарының жетекшілеріне әрқашан қолдау білдіретінін, алдағы уақытта бірлесіп ауқымды жобалар мен шаралар ұйымдастыратынын жеткізіп, жетекші болып сайланған Б.Өткелбаевқа алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Клуб отырысы ауыспалы, келесі отырыс Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде өткізілу ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<