Жас мамандар бағдарламаға қатысты

704

0

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жас та болса үлгілі оқытушылары «Qogam.TV» арнасының «Жастар және..» бағдарламасына қатысты.

Колледждің қолданбалы бакалавр бөлімінің түлектері, академиялық бакалавр дәрежелері бар Сайм Лайла мен Салтанат Жұмағұлова «Мейіргер ісі» бойынша магистранттар, ізденуден жалықпайтын ұстаздар. Бағдарламада магистратураның қыр сыры, қиындығы, пайдасы туралы әңгіме өрбіді.

Сондай-ақ, бағдарламаға «Қолданбалы бакалавр» бөлімінің меңгерушісі Л.Байғабылова қатысып, қолданбалы бакалавр мамандығы бойынша ақпаратпен бөлісті. Қызылорда медициналық жоғары колледжі 10 жылдан астам уақыттан бері «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавр» мамандарын даярлап келе жатыр.

Жаңадан ашылған мамандыққа маман даярлаудың өзіндік талаптары мен міндеттері оңай болған жоқ. Дегенмен, колледж мамандары қазіргі таңда аталған мамандықты даярлаудың өзіндік жолын қалыптастырып, өз тәжірибелерін шыңдауға қол жеткізуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<