Жас суретшілер байқауы өтті

1380

1

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, қала күні мерекесіне орай А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде балалар арасында «Қызылорда менің көзіммен» атты қалалық жас суретшілер байқауы өтті.

Қала сұлулығын, көшелердің көркемдігін көрсетіп, екі ғасырдан астам тарихын дәріптеуді мақсат еткен байқауға 60-қа жуық талапкер қатысты. Балалар жас ерекшелігіне байланысты екі топқа бөлінді. Жас қылқалам шеберлеріне мәдениет үйінің қосымша білім беру орталығының маманы Дархан Ерленұлы, суретші, сазгер Жарылқасын Оразғұлов және кәсіпорынның көркемдік жетекшісі, ақын Ұлықбек Бекұзақұлы қазылық етті.

Нәтижесінде, кіші топ – 6-9 жас аралығында жүлделі 3-орынды Айғаным Әнуарбек, 2-орынды Жансая Еркебұланқызы иеленсе, Әмина Мейіржанқызы 1-орын алып, үздік деп танылды. Ал, үлкен топ санаты – 10-15 жас аралығында Айым Сартаева, Зере Ибрагимова, Адия Құдайбергенова 3-орын иегерлері атанды. Анель Айдарбек және Еңлік Уразова 2-орын алса, асқан шеберлік танытқан Махаббат Жармахан 1-орынды еншіледі.

Сондай-ақ, ерекше шығармасы үшін Ақжанат Қуаныш «Ғажайып палитра» номинациясымен, Рысдәулет Амирбеков «Сиқырлы қалам» номинациясымен марапатталды. Байқауға қатысқан барлық балаларға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<