Жастар арасында «Дүйсенбілік футбол» турнирі өтті

982

1

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Jas Otan» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының  ұйымдастыруымен Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионның қосалқы алаңында   базар мен сауда орындарында жұмыс жасайтын, NEET санатындағы және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмысшы жастар арасында облыстық «Дүйсенбілік футбол» турнирі өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Кеңес орталығы» жобасы аясында ұйымдастырылған турнирдің мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған және NEET санатындағы жастарды топтастыра отырып, салауатты ұлт қалыптастыру және түрлі сала мамандарының кеңесі арқылы бағыт-бағдар беру.

Турнир ойындары барысында «Отбасы банк» Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, облыстық кәсіпкерлер палатасы, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері ойын қатысушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кеңес берді.

«Дүйсенбілік футбол» турнирінің хабарландыруын әлеуметтік желіге жарияланған сәттен бастап өтінім білдірген командалар көп болды. «Мечта», «Смарт shop», «Радуга-1» сауда үйлері, «Жарық үйі», «Сыбаға-1» базарларының жастары, сондай-ақ Сырдария, Қазалы аудандарынанөзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарда қатысуға ниет білдірді. Облыстық турнирде 14 команда бақ сынасты. Бүгінгі финалдық турнирде үздіктерін анықтайтын боламыз,- дейді «Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалының  төрағасы М.Жорабек.

Марапаттау рәсімінде «Nur Otan»партиясы ҚОФ «Саяси жұмыстар» бөлімінің басшысы Г.Бақытжанқызы, «Абзал и К» ТС директоры М.Ералиев, «Biali» спорт дүкенінің директоры А.Шәукенбаев алғы сөздерін жеткізіп,жеңімпаздарға қаржылай сертификаттарын табыс етті.

Екі аптаға созылатын «Дүйсенбілік футбол» турнирінің қорытындысы бойынша жүлделі І орынға «Ағайын» командасы, ІІ орын «Абзал и К»  және «Сыбаға-2» командасы ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ,  «Үздік ойыншы» ,  «Үздік қақпашы,  «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша үздік ойыншыларға арнайы кубок пен мадақтама қағаздарымен марапатталды..

Айта кетейік, жүлде қоры 600 000 тг құрайды.

Аталмыш шараның сапалы өтуіне облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қызылорда қалалық мәслихаты, «Абзал и К» компаниясы, «Biali» спорт дүкені, «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығы  қолдау білдірді. Сонымен қатар «Coca-Cola», «GGG» компаниясының филиалдары ойыншыларға сусындар таратты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<