Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы

330

0

Бүгін Жалағаш ауданының әкімі А. Есжановтың төрағалығымен аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы өткізіліп, жастар саясатын жүзеге асыруда өзекті деген 4 мәселе қаралды.

Қазіргі таңда ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 966 жас тіркелген. Мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға 2023 жылға жергілікті бюджеттен 18 млн.теңге және жастарды дамыту мен қолдауға 4,2 млн.теңге бөлінді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3 жоба жүзеге асырылады.

Күн тәртібіне сәйкес жастарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы, оның ішінде: NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы. Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың барысы. Қаракеткен және Мәдениет ауылдық округінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы мәселелер бойынша жауапты басшылар мен ауыл әкімдері хабарлама жасады.

Аудан әкімі А.Есжанов кент және ауылдық округ әкімдеріне және тиісті бөлім, мекеме басшыларына күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес бірқатар тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, NEET cанатындағы жастардың кәсіптік оқыту, қайта даярлау курстарынан өтуін қамтамасыз етіліп, жастарды мемлекеттік бағдарламаларға, кәсіпкерлік мақсатта өткізілетін гранттық конкурстарға қатысуын және жаңа инновациялық жобалардың үлесін арттыру бағытында жұмыстар жүргізуді, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар отбасыларды әлеуметтік және психологиялық қолдау шараларын ұйымдастырып, жастарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында шаралар қабылдап, жастарға арналған несие беру туралы ақпараттарды әлеуметтік желілерде және елді мекендерде түсндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, аудан әкімі түнгі мезгілдерде жасөспірімдердің ата-анасыз белгіленген мерзімнен тыс уақытта жүру жағдайларының алдын-алу жұмыстары, учаскелік инспекторлардың бекітілген аймақтары бойынша жастардың тізімін қалыптастырып, нақты шаралар атқаруды, мектептер мен колледждерде жасөсіпірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында түсіндірме жұмыстарын күшейтуді, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген жастар мен жасөспірімдерді анықтап, күнделікті тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізу қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, жастар саясаты туралы заңға өзгерістер енгізіліп, елімізде 2023-2029 жылдарға арналған жеті бағыттан тұратын тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамаға сәйкес ауыл жастарын кәсіби тұрғыда дамытып, кәсіпкерлік арқылы олардың әлеуетін көтеруіміз қажет. Осы орайда аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі ауданда жастар арасында инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жас кәсіпкерлер форумын өткізсін. Ауылдарда жылына кемінде 2 рет ауыл ақсақалдары мен жастар бірлескен шаралар ұйымдастырылсын. Жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бөлімдері, аудандық полиция бөлімі, денсаулық, білім салалары бойынша мәліметтер дерекқоры жасалсын – деді, аудан әкімі А. Есжанов.

Аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы қорытындысымен хаттама әзірленіп, хаттаманың орындалуы тиісті аудан әкімі орынбасарларына және бөлім, мекеме басшыларына жүктелді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<