«Жеке кешірім сұраймыз» – Хабардың басқарма төрағасы дауға айналған бағдарлама туралы

1197

0

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде «Хабар» телеарнасындағы ток-шоуға қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған кадрларда «Бірақ» бағдарламасының жүргізушісі эфирге келген қонақтан «күйеуіңіз ұруға себеп бола ма?» деп сұрайды. Одан бөлек әлеуметтік желіде эфир қонағы мен бағдарлама арасындағы келісімдер сақталмағаны, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелге ескертпей, оның күйеуін де бағдарламаға қонақ ретінде шақырғаны айтады.

«Себеп бола ма ұруға? – дейді жүргізуші ханым. Өзі нәзік жанды болса да қасында отырған, көзі жасқа толы, мұрыны, қолы, омыртқасы зақымдалған, 6 баланың анасын түсінбейді. Рейтинг пен жағымпаздану үшін азаптаушысына тікелей эфирде көндіруге тырысады» – деді журналист Тимур Балымбетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<