ЖЕР САТЫЛМАЙДЫ: Қалың қазақты толғандырған мәселеге Президент нүкте қойды

999

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Осылайша, қазақ қоғамын жылдар бойы толғандырған жер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.

Қазақстан Президенті жер мә­се­лесі мен ел мәселесінің, яғни өзі айтқан «Халық үнінен құлақ асатын мемлекет» тұ­жы­рым­­­дамасымен өзектес екен­дігін тағы бір мәрте аңғартты. Мем­ле­кетшілдік сая­­саты­ның біріз­ді­лікпен  жүзеге аса­ты­нын, оның нәти­­­­жесі ха­лық­тың ойы­мен қа­шан­да үн­де­сетінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағ­дайдағы Қа­зақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында «Жеріміз шетелдіктерге сатыл­майды. Бірақ Үкімет ауыл шаруа­шылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға ен­гізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс» десе, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзінде: «Халқымыз үшін жер мәселесі қашанда аса маңызды. Бұл – мемлекеттігіміздің берік негізі және қасиетті символы. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет», деген болатын. Сөйтіп Президент шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға  ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырды. Бұл  Президенттің заң шығару бастамасы арқылы жедел түрде жүзеге асырылуы қажет деп тауып, Президент Әкімшілігіне дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Парламент аталған заң жобасын қысқа мерзімде қабылдады.

«Egemen Qazaqstan»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<