Жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар артады – Білім министрі

431

0


Бүгін Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға арналған Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов университеттерге қатысты қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқапарат тілшісі.


«Оқу бағдарламаларын бейімдеу мақсатында инновациялық бағдарламаларды жобалау мен әзірлеу, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына сәйкес жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар артады. Осы мақсатта «Білім туралы» Заңға, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға өзгерістер енгізу ұсынылады», – деді А. Аймағамбетов.

Осы орайда:

– ЖОО үшін лицензиялардың қолданылу мерзімін белгілеу;

– лицензияларды қайта ресімдеуді тек талаптарға сәйкестігін анықтағаннан кейін ұйымдастыру;

– ЖОО-лардан лицензияларды қайтарып алу жөніндегі функцияларды министрлікке беру;

– ЖОО жабылған жағдайда білім алушыларды ауыстыру бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін құрылтайшылардың жауапкершілігін белгілеу сияқты шаралар қабылданады.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<