«Жоқ!» деп айтуды үйрен

668

0

Нашақорлық бүгінгі таңда өте үлкен мәселеге айналып, бұл сөзді жиі еститін болып кеттік. Деңсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде 18,5 мыңнан астам нашақор тіркелген. Соның ішінде 94 жасөспірім бар. Әрине, бұл өте өкінішті жағдай.

Тіпті соңғы кездері есірткіні жарнамалап сататындар көбейіп кетті. Жасөспірім щақтағы күйзеліс, қиыншылықтан, отбасыдағы мәселелерден құтылу жолын ойлаған бала осындай жарнамаларды көріп, есірткіге барып ұрынары белгілі. Есірткі сатушылар осы жағдайды пайдаланып, балаларды қызықтырып, алғашында есірткіні тегін ұсынып, кейін ақша талап ете бастайды. Бала есірткіні қалыпты көріп, мөлшерінен тыс қолданып, бұл әрекет бірнеше жылда өлімге алып келуі әбден мүмкін. Есірткі қолданушының мінезі дөрекіленіп, күнде ақша сұрай бастайды. Сол себепті жасөспірім баланыздың не нәрсемен айналысып жүргеніңе, не нәрсеге қызығатыныңа аса назар аударып, әрқашан жанынаң табыла біліңіз.

Дана Нұржігітқызы,

№26 орта мектебінің

8  «б» сынып оқушысы

Қармақшы ауданы            

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<