«Жоқ!» деп айтуды үйрен»

666

0

Фото: ашық дереккөз

Қазіргі кезде есірткі пайдалану және соған байланысты қылмыстар көбеюде. Есірткіні қолданып, оларды сатып, заңсыз табыс табатындар саны күн сайын артуда. Болашақ ұрпақтың санасын улайтын есірткі барша әлемге де кесірін тигізуде. Қазіргі таңда көптеген жас жеткіншектер нашақорлықтың құрбаны болып, жастайынан көз жұмуда.

Есірткі адам ағзасын улап, өзіне тәуелді етеді. Жасөспірім балалар есірткіні бір-екі рет қолданғаннан-ақ оған тәуелді болады, яғни ағзалары есірткіге бейім болып кетеді. Бұл ауру адамның денсаулығымен қоса санасын да улауда. Қазіргі күні тек Қазақстан ғана емес, барша әлем осы есірткінің зардабын шегуде.

Марихуана шөптерін өсіріп, есірткі жасап, балаларды осылай улап, денсаулығын құрту бойынша мәселелер де көбеюде. Тек марихуана шөбі ғана емес басқада есірткі түрлері адам ағзасына зиян алып келеді.

Қазіргі кезде есірткіні қолдану көбеймесе азаяр емес. Жыл сайынғы артып отқан бұл пайыз халықты да, бізді де алаңдатуда. Жасөспірімдердің бар ойы есірткі сынды зиянды заттарға ауып кеткен.

Жасөспірім балаларғаесірткінің зиян екенін түсіндіру керек.  Кемшілік баланың есірткі жайлы білмеуінде. Ал, оның алдын алу тек ата-ана мен баланың өзіне байланысты.

Жас ұрпақ өз денсаулығын сақтай отырып, үлкен жетістіктерге жетеді. Жетістікке жету үшін біз де, сіз де тынбай еңбек етуміз керек. Ал әлем бойынша таралған сорақылықпен күресу біздің міндетіміз. Болашақты жарқын ету өз қолымызда. Ата-ана, ұстаз жастарға үміт артып, оларға сеніммен қарап отыр. Біз әрқашан да осы сенімді ақтап, ел болашағын ойлаумыз керек.

                                              Іңкәр ШАЛҚАРОВА,

 Қармақшы ауданы, Ақжар ауылы

                                              №28 орта мектебінің 8 «а» сынып оқушысы

                                               .                    

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<