Жоқ деп айтып үйрен!

967

0

Фото: ашық дереккөз

Жырымды жазсам, білімді жазсам пішімдеп,
Артылар үміт сарқыла қоймас күшім кеп.
Нашақорлықтың басын бастайтын әуелі —
Заманның дерті ,адамның дерті, үш індет
Жақсылық келер өзіңді өзің сендерден,
Ақ пенен қара өмір ғой мынау мен білсем.
Жоқ деген сөзің жақсылыққа шын әкелер,
Нәпсіңді досың ақыл ойыңа жеңдірсең!
Тигізем десең жақсылығыңды қоғамға,
Жасаймын десең пайдалы ісіңді адамға,
Өскелең ұрпақ есіңе сақтап ал мұны
Тазалық болу-басты қағида санаңда.
Өткінші ләзат жан тәніңді арбап мәз қылса,
Өкініш досым айналаң сені жазғырса.
Көп мейлі келіп жұлқылай берсін жаныңды,
Жоқ деуді үйрен жамандар келіп азғырса.
Тарқатар болсаң тарихыңменен өткенді,
Бабаңнан қалды бәсіре болып көп белгі.
Ащы суменен арбамау керек ойыңды
Көк түтінменен ластамау шартың өкпеңді.
Нашақорлықпен күресе білсең қаншалық,
Дәрежең өсер бағың да асар соншалық.
Зиян істерге жүретін болсаң жол салып
Тағдырыңды да күрмей бересің тор салып.
Түсінем десең денсаулығыңның маңызын,
Түзу жолдардан таймайды мүлде әр ізің.
Есірткілерден,нашақорлықтан алшақ боп
Өзіңді реттеп қоғамды түзеу парызың!

Дидар ӨМІРЗАҚ,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық

жоғары колледжінің студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<