Жылды қорытындылады

602

0

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2022 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісін өткізді.

Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша  баяндамалар тыңдалып, 2022 жылдың қорытындысымен кемшіліктер мен сын назарға алынды.

Департамент басшысының орынбасары А.Сәдуақасов департамент қызметінің жедел жұмыстары бойынша атқарылған істерге тоқталса, басқарма басшысы И.Құрақбаев ұйымдастыру және үйлестіру бағыты бойынша қорытынды жасады. Ал департамент басшысының орынбасары А.Жүсіпов тергеу бағытында жүзеге асырылған жұмыстарды саралады.

Баяндамашылардың айтуынша, өткен жылы 41 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. 2021  жылдан тергеуі жалғасып  келе жатқан істерді есепке алғанда, жыл көлемінде 60 қылмыстық істің өндірісі жүргізілген. Оның 49-ы аяқталып, 32 іс сотқа жолданған.

Аяқталған істер бойынша келтірілген залал сомасы 2,7 млрд.теңгені құрап отыр. Оның 1,5 млрд. теңгесі өндірілген. Сондай-ақ, бүгінгі күні департамен төрт жүйелі проблеманы тұрақты талдауға және бақылауға алып отыр. Олар: мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы, мұнай өнімдері бағасының негізсіз өсуі, экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған қаражаттың жымқырылуы, облыстық елдімекендерін ауыз сумен қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының жымқырылуы және әртүрлі форматтағы қаржы пирамидаларына тосқауыл қою.

Жиын соңында департамент басшысы Бақыт Қайшыбеков  ағымдағы жылдың негізгі міндеттерін белгілеп, нақты тапсырмалар берді.

Мәжілістің екінші бөлігінде, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг органдарының құрылған күні мерекесіне орай, бірқатар қызметкерлерге  мерзімінен бұрын, атқарып отырған лауазымынан бір саты жоғары шендер мен «Мінсіз қызметі үшін» медальдарі табыс етілді.

Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары Академиясын бітіріп қызметке кірген жас қызметкерлер адал қызмет етуге Ант берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<