266 қызметкердің 23 млн теңге жалақысы қайтарылды

349

0

Фото: Еңбек инспекциясы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне өткен жылы жеке және заңды тұлғалардан 1403 өтініш түсіп, заңдылықтарға сәйкес жауаптар берілді, деп хабарлады Syrboyi.kz.

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен жүргізілген 223 тексеру нәтижесінде 214 бұзушылық анықталып, 162 нұсқама берілді.

Тексерулер нәтижесімен еңбек заңнамасы талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 220 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 79 тұлғаға «ескерту» түріндегі жаза қолданылды. Жалпы сомасы 21,8 млн теңге айыппұл салынды.

Жұмыскерлерге жалақы қарызын төлеу мәселесі ерекше бақылауға алынып, жыл көлемінде қолданылған ықпал ету шараларының нәтижесінде 266 жұмыскерлердің 23 млн теңге жалақы қарызы өндірліп, жұмыс берушілерге жалпы сомасы 3,2 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Жалпы, қабылданған шаралардың нәтижесімен 2671 жұмыскерлердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді.

Атап өту қажет, аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың бастамасымен облыстың жұмыс берушілерімен келіссөздер жүргізу арқылы жұмысшылардың жалақы мөлшерін арттыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

2024 жылы 70 кәсіпорындағы 25 437 жұмыскерлердің орташа жалақы мөлшері 130% дейін артты.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<