Академик Нағи Ілиясов ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

833

0

Мемлекет қайраткері, математик, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Асқар Жұмаділдаев Нағи Ілиясов ауылына арнайы ат басын бұрып, тыныс-тіршілігімен танысты.

Онда өткен жылы салынған «Еңбекшілер» аллеясын және әлеуметтік нысандарды аралады. Сондай-ақ «Мағжан и К» ЖШС-нің жұмысымен де танысты. Ауыл кітапханасына да барып, математика туралы кітаптардың сапасына мән берді. Бұған қоса, ауыл ақсақалдарымен жолығып, тілдесті.

Айта кетейік, бүгін Асқар Жұмаділдаев атындағы жас математиктер арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<