«Ақарық» каналының арнасы тазаланды

662

0

Биыл Қазалы ауданында ауылдарды абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы көп көмектесіп жатыр.


Бағдарлама шеңберінде Ғ.Мұратбаев ауылындағы аяқ су мәселесін реттейтін «Ақарық» каналының арнасы тазаланды. Бұған дейін арнасын арамшөп басқан каналда судың ағысы өте төмен болатын. Сондықтан кей күндері ауылда аяқ су тапшылығы сезілетін. Енді ауыл тұрғындары ол күнді ұмытатын болады.


«Жол картасы» аясында бөлінген 11 млн теңгеге 3,9 шақырым каналдың қос арнасы арнасы қазылып, қайта тазаланды. Каналдың арнасын тазалаған мердігер мекеме «Табиғат» ЖШС ауылдың жұмыссыз жүрген 6 тұрғынын жұмыспен қамтыды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<