Ауылға деген қамқорлықты сезінеміз

841

0

Еліміздегі «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жыл­дарға арнал­ған мем­лекеттік бағдар­лама­сының» тиімділігі барынша байқалып келеді.

Оған себеп, осы бағдарлама аясындағы «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы бойынша біздің Бекарыстан би ауылын дамытуға қомақты қаражат бөлінді. Дәлірек айтсақ, ауылдың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға бөлінген қаржы 930 млн теңгеден асады. Мұндай үлкен қаржы біздің елге біраз көмек болары сөзсіз. Қазір бөлінген қаржыға қыруар жұмыстар басталып та кетті. Мысалы, өзіміз оқыған, бүгінде балаларымыз білім алып жүрген ауылдағы №24 орта мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтеді. Әр үйге сер­вистік су желілері тартылады. Сондай-ақ жеті көше орташа жөндеуден өтіп, 8 көше жарықтандырылатын болады.

Ауылдағы жұмыссыз жі­гіттер құрылыс жұмыс­тарына көптеп тартылуда. Соның бірі – өзіммін. Ауылдың ең үлкен көшелерінің бірі – Ү.Түктібаев көшесіне тротуар жүргізіп жатырмыз. Мердігер мекеменің өз мамандарынан бөлек, ауылдан тағы бес жігіт жұмыссыз тұрғын ретінде құрылыс жұмыстарына атсалысудамыз. Ал жалпы үй-үйге су кіргізу, көшелер мен білім мекемесін жөндеуге 30-дан аса жұмыссыз ауыл адамдары, әсіресе, жастар тартылды. Жалақымыз – 85 мың теңге.

Мемлекет тарапынан ауылға деген қамқорлықты анық сезініп отырмыз. Бұл бір жағынан, өз туған же­рімізде атқарылып жатқан жұмыстарға, ауылы­мыздың көркеюіне қосқан үлесіміз деген ойдамын.

Бақытбек ҚОЖАСОВ.

Бекарыстан би ауылы.

Қазалы ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<