Ауыз су уақытша тоқтатылады

1317

0

Қызылорда қаласы тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!

2023 жылдың 30 наурыз күні сағат кешкі 21-00 ден бастап 31 наурыз күнгі таңғы сағат 04-00-ге дейін «Арай» тұрғын ауданы мен қаланың Сол жағалауындағы тұрғын ауданына беріліп отырған ауыз судың сапасын жақсарту мақсатында «Арай» су алу құрылымының таза су жинау резервуарларына және «Арай» тұрғын ауданының, қаланың сол жағалауындағы және Набережная, Демесінов көшелеріндегі ауыз су жүйелеріне жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты аталған тұрғын аумақтарға 2023 жылдың 30 наурыз күні сағат кешкі 21.00-ден сағат 23.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылады.

Ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып хлордың иісі толық кеткенше ауыз суды пайдаланбауды сұраймыз.

Ведомстволық мекемелерде 2023 жылы 31 наурыз күні сағат 06.00-ден бастап хлордың иісі толық жойылғанға дейін суды ағызуға жауапты кісілерді бекіту қажет.

Аталған тұрғын аумақтардағы көп қабатты тұрғын үйлерінің пәтерлер иелерінің кооперативтері мен көп қабатты тұрғын үйлерге жауапты мекемелерін өжіре ішіндегі таратушы ауыз су құбырынан тазарту жұмыстарынан кейінгі құбыр ішіндегі шөгінді қалдықтар тазарғанша 10-15 минут ағызып жіберулеріңізді ескертеміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<