Қала әкімі «Жол картасының» іске асуы бойынша есеп берді

197

0

Фото: Қала әкімдігі

«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының депутаттық фракция отырысы өтті, деп хабарлады Syrboyi.kz. Жиынға қала әкімі Нұржан Ахатов, партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Құттықожаев, фракция мүшелері және саяси кеңес мүшелері, жауапты бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасының Қызылорда қаласында 9 айдың қорытындысымен орындалу барысы талқыланды. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасының 2023 жылғы нәтижесімен 2024 жылы іске асуы қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қала әкімі Нұржан Сәбитұлы баяндама жасады.

– «АМАNАТ» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында Қызылорда қаласы бойынша 41 іс-шара қамтылған. Жоспарланған 41 іс-шараның 21-і орындалса, қалған 20-сы қазіргі таңда орындалу үстінде. Өздеріңізге белгілі, «АМАNАТ» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасы» Үкіметтің, өңірдің бағдарламаларына негізделіп жасалынған. Президенттің, Үкіметтің ерекше қолдауымен және облыс әкімінің үйлестіруімен облыстың бюджеті 2,5 жылда 364 млрд. теңгеден 744 млрд. теңгеге жетіп, 2 есеге артты. Сәйкесінше қала бюджеті жыл басындағы бекітілген 58,2 млрд. теңгеден,110,7 млрд. теңгемен, алдағы өткізілетін мәслихат сессиясында (90%) бекітілетін болады. Макроэконмикалық көрсеткіштер бойынша Сыр өңірі Республикада жыл басынан бүгінгі күнге дейін алдыңғы қатарда келеді. Бұл бағытта Қызылорда қаласында да қарқынды жұмыстар жүргізілуде, – деді шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлы.

Фракция отырысында шаһар басшысы Жол картасы аясында орындалуы тиіс негізгі іс шаралардың жыл соңына дейін толықтай атқарылатынын жеткізді.

«АМАNАТ» партиясының фракция мүшелері өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді.Оның ішінде, шет аймақтағы көшелерге инфрақұрылым жүйелерін жүргізу, көше жарығы, кәріз құбырларына қатысты мәселелер талқыланды.

Жиынды қорытындылай келе, партияның қалалық филиалының төрағасы Ибадулла Дүйсенбайұлы: Үкімет пен партияның бірлескен жобалары өңірлерде қарқынды жүзеге асуда. Біздің шаһарымызда да Жол картасы шеңберінде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Алдағы уақытта партия тарапы жергілікті атқарушы органдармен бірге халық игілігі жолындағы маңызды мәселелердің түйінін тарқататыны сөзсіз, – деді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<