Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы әбден тозған

343

0

Сурет: primeminister.kz

Ауыл шаруашылығы техникасының тозуы өткір проблема күйінде қалып отыр. Қазіргі таңда жалпы техника паркінің шамамен 75%-дан астамының тозығы жеткен.

«Бұл мәселе де тиісті шешімді талап етеді. Диқандардың жаңа техниканы сатып алуын жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту қажет. Аталған мәселені шешу үшін фермердің өзі төлеп келген алғашқы 15% жарнаның орнына тікелей лизингтік компанияға инвестициялық субсидия салынуға тиіс. Бұл шаруаларға өздерінің айналым қаражатын сақтап қалуға мүмкіндік береді», – деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр сонымен бірге, фермерлердің өздеріне тиесілі субсидиялардың тым кешігіп төленетініне наразылық білдіріп жатқанын атап өтті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Өткен жылғы субсидиялар бойынша қарыз 160 млрд теңгеден асып кетті. Бұл қаражатты егіс жұмыстарына жаратуға болатын еді. Жеңілдікті дизель отынын үлестіру барысы да ерекше бақылауда болуға тиіс. Алыпсатарлыққа және қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керек», – деді Олжас Бектенов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<