Трамп жеңіске жету үшін қажет 270 сайлаушы дауысының жартысынан көбін жинады

258

0

Фото: snob.ru

Fox телеарнасының есептеулеріне сәйкес, АҚШ-тың бұрынғы мемлекет басшысына 178 сайлаушы дауыс берген, ал оның қарсыласы демократ Камала Харриске  — 113 адам дауыс берген.

Республикалық Дональд Трамп сейсенбіде АҚШ-та өткен президенттік сайлауда жеңіске жету үшін қажетті 270 сайлаушы дауысының жартысынан көбіне ие болды. Fox News телеарнасы осындай болжам жасады.

Сонымен есептеулерге сәйкес, Дональд Трамп 178 сайлаушы дауысын жинаған, оның қарсыласы демократ Камала Харрис — 113.

Еске салсақ, АҚШ-та президент сайлауы басталды.

АҚШ президентіне кандидат Дональд Трамп Палм-Бич участігінде дауыс бергені белгілі болды.

Бұған дейін АҚШ-тағы президент сайлауы Қазақстанға қалай әсер ететіні жайлы жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<