Жергілікті тұтыну нарығы: баға неге әркелкі

1554

0

Елімізде жарияланған карантин режимі тұтыну нарығындағы тұрақтылықты бұзды. Қатаң шектеулер салдарынан кешегі мамыр, маусым, шілде айларында оңтүстікте пісіп-жетілген көкөніс өнімдерін жеткізуде едәуір қиыншылықтар туындады. Кей жерлерде баға өсті.

Осының барлығы жалпы жергілікті тауар өндірушілердің материалдық жағ­дайына кері әсерін тигізді. Дегенмен, сау­да үдерісі онша­лықты бәсеңдемегенін атап өткіміз келеді. Оны статистиканың көрсеткіштерінен аң­ғаруға болады.
2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2020 жылдың қаңтар-маусым айларындағы сауда көлемі (%)
аймақтар

Тауарлар мен қызмет түрлерінің көлемі %


Шымкент қ. 168 806 201 98,0


Қостанай 154 350 594 97,7


Жамбыл 139 129 493 96,0


Алматы 188 970 750 95,9

Маңғыстау 80 155 466 94,9


Солтүстік-Қазақстан 107 769 301 94,2

Түркістан 72 204 060 94,2


Қарағанды 440 328 358 92,6


Атырау 142 978 775 90,6


Батыс-Қазақстан 149 093 793 90,6

Шығыс-Қазақстан 429 890 414 90,3


Қызылорда 133 550 829 90,2

Ақмола 103 353 985 88,7


Павлодар 166 234 256 86,2

Актөбе 252 772 440 85,8


Нұр-Сұлтан қ. 525 419 070 82,5


Алматы қ. 1 358 135 673 81,2


Республика 4 613 143 458 87,4

Кестеден көрініс тапқандай, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыс­тырғанда 2020 жылдың қаңтар-мау­сым айларында Шым­кент қаласында сауда айналымы мен қызмет көрсету 98 процентті құраған. Одан кейінгі орын­дарды Қостанай, Жамбыл, Алматы облыс­тары бөлісуде.

Оңтүстік облыстарда сау­да­ның «қызуы» өңір халқының бол­мысына тән бол­ғандықтан, біз аталған көрсеткішті қалыпты жағдай ретінде қабылдадық. Ал қоста­найлықтардың оңды көрсеткішін астықты өңір болғандықтан, сауда айналымының тұрақ­ты жүруімен байланыстырғымыз келеді.


Жуырда осы мақаланы дайындау бары­сында біз Қызылорданың базарлары мен ірі сауда орталықтарын аралап, халық­тың бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік және көкөніс бағаларының деңгейімен таныстық.


Биыл базарларда картоп және көкөніс бағалары өткен жылмен салыстырғанда біршама қымбат. Бұл, әлбетте, көктемгі карантин кезінде жарияланған шектеулер­дің теріс ықпалынан болды. Қысқасы, биыл өнім аз, ал ол бағаның көтеріңкі болуы­на ықпал жасауда.


Дегенмен, базарлардағы көкөністің кей­бір түрлерінің «Маgnum», «Small» сауда орта­лық­тарындағы бағадан едәуір жоғары екенін байқадық. Бұл, әсіресе, картоп пен қырыққабатқа қатысты. Базарда картоп, қырыққабат келісі 150 теңге, жуа, сәбіз 100-150 теңге, жуа бағасы осы шамалас. Күріш 270-300 теңге. Еттің бағасы мал түріне қарай 1800-2000 теңге. Еттің қымбаттамай тұрғанының негізгі себебін біз дәстүрлі көпшілік отырыстарға қатаң тыйым салуының ықпалы деп түсіндік.


Жоғарыда аталған сауда орталық­тарындағы ет бағасы қымбат. Бұл алыстан тасымалданып, жеткізілген еттің шығыны көп екенін айғақтайды. Халық тұтынатын негізгі азық-түлік және көкөніс бағаларында алдағы уақытта өзгеріс болуы мүмкін бе? Бұл, әрине, күздегі, өнімнің қаншалықты өнімді, берекелі болуына тікелей байланысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<