Есірткіден есіруді көздегенше, салауатты салтымыздан қол үзбе…

1155

0

Қазіргі қоғам дертінің бірі – есірткіге әуестік.«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді дана халқым. Әрбір адам отбасында алған тәрбиесінен нәтиже шығарады. Тәрбие беруді отбасындағы құндылықтардан бастау керек. Есірткі бұл денсаулықты құртып қана қоймай, адам санасының улануына алып келеді. Нашақорлық – бүкіл қоғамның дерті.

Есірткі қолдану ол тек бір адамды ғана құртып қоймайды, болашақ ұрпағына да, оның денсаулығына да зиянын тигізеді. Адам өзінен өзі есірткіге әуес болып кетпейді. Белгілі бір дүние себеп болады. Олардың бірі адамның қарым-қатынас жасайтын ортасы және отбасыда көретін тәрбиесімен қысым көрушіліктен болады. Жастар есірткі арқылы барлығын ұмытып кетемін, ләззат аламын деп ойлайды.

Жастардың көп есірткі қолдануы стресстен пайда болады дейді. Бұл тұжырым дұрыс емес, адам өз –өзін осылай алдайды. Есірткі адамды өзіне тәуелді етіп алады. Адамның психикалық ауытқуын тудыратын, түрлі қатерлі ауруларды тудыратын осы есірткі. Бұл, тіпті, адам өліміне дейін алып барады. Бір ғана стресстен құтылып, өмір бойына ауру болып қалу мүмкіндігіне алып барады. Әрбір отбасы жас ұрпақ тәрбиелеп отырғандықтан, ұрпақтарына есірткінің зиянын, оны қолданғанда қандай ауруға алып баратынын тәрбие беріп түсіндіруі керек.

Менің отбасымда әкем әрқашан темекі шегу, ішімдік ішу, есірткі адамға зиян екенін айтады. Депрессияға түссең, оны тек жаман жолға түсіп емес, сабырмен, ақылмен шешу керек дейді. Ағашқа таза су құйып, зиянкестерден тазалап тұрса, ол үлкен болып өсіп, өз жемісін береді. Дәл солай ата-ана да балаға тәрбие беріп, зиянды әрекеттерді ойларынан тазалап отыруы керек. Сонда ғана дені сау ұрпақтың пайда болуына себепші болады. Сол дені сау ұрпақ әрбір араласқан адамына жағымды, пайдалы ақпаратпен бөлісе білсе, тағы да бір адам есірткінің зияны туралы ой түйетін болады. 32 тістен шыққан 32 рулы елге тарайды. Сол айтқан сөздерімізде есірткісіз өмір ғажайып екенін айтсақ, әрбір болашақ ұрпақтың дені сау, салауатты болып қалыптасуына себепші боламыз. Өзімізге сау берілген 12 мүшемізді бағалай білуіміз керек.

Қоғамда қаншама жастарымыз осы есірткі қолданамын деп өз өмірлеріне балта шауып жатыр. Қазіргі таңда мектептерде, колледждерде оқушаларға есірткінің зияны туралы көптеген түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Менің ойымша, осындай шаралар көп жүргізілуі керек. Себебі, адамның санасына ой салу үшін видеороликтер көрсетіп, есірткінің қандай зияны бар екенін айтса, жағдай тағы да біршама жақсарар еді. Тек қана сөйлеп қоймай, практикалық тұрғыдан көптеген жұмыстар жасау керек деп ойлаймын.

Есірткі тасымалдайтын адамдарды да заң жүзінде қатал жазалау қажет. Тәрбие тал бесіктен басталады. Сөздің ең басында отбасы тұрады. Сол себептен әрқашан ең алдымен балаға жақын адам ата-анасы болғандықтан, денсаулықтың маңызын түсіндіру керек. Жастар еліміздің болашағы. Он екі мүшеміз сау болып, білім алып, қоғамға қол ұшын созып, жұмыс жасап, қоғамнан өз орныңды тапқан қандай керемет дүние. Есірткісіз өмір – бұл өте керемет, ғажайып өмір! Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Сол қамшының сабындай қысқа өмірде жаман әдеттерге әуес болмай, қоғам сыйлайтындай адам болуға тырысу керек.

Қорытындылай келе, есірткі бұл жәй ғана аз уақыттық ләззат. Бұл өмірде есірткісіз де маңызды дүниелер жетерлік. Сол дүниелердің, отбасының, достармызбен ең бастысы денсаулығымыздың қадірін білейік. Болашақ – біздің қолымызда. Елдің ертеңі – салауатты, білімді, бәсекеге қабілетті жастар.

Диана Нұрхан,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық

жоғары колледжінің 3 курс студенті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<