«Парыз» конкурсына қатысуға шақырамыз

4

0

«Парыз» – бизнестің әлеуметтік жа­уап­­кершілігі жөніндегі Қазақстанның жеке кәсіп­керлік субъектілерінің кор­по­ра­тивтік әлеу­мет­тік жауапкершілік прин­циптерін қа­­лып­­тас­тыру мен ілге­рі­лету және оларды осы сала­дағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталан­ды­ру мақса­тында жыл сайын өтетін конкурс.

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» ҚР Пре­зидентінің 2008 жылғы 23 қаң­тар­дағы №523 Жарлығына сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» одағы Қазақстан ұлттық эконо­микалық палатасы мен Қа­зақстан Респуб­ликасының Кәсіподақ­тар Федерациясы – конкурстың ұйымдасты­рушылары болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса­тын Конкурс өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.

Конкурс лауреаттары атақтары «ша­ғын және орта кәсіпкерлік субъектісі», «ірі кәсіп­керлік субъектісі» санаттарында келесі номинациялар бойынша беріледі:

1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіп­орын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдар­ламаларды (еңбекақы мен әлеуметтік тө­лемдерді төлеуді, еңбекті қорғауды, кадр­ларды кәсіптік даярлау және қайта даяр­лау жүйесін ұйымдастыру және т. б.) іске асыратын үміткерлердің қызметі қа­ра­лады;

2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда еңбек қыз­меті процесінде қызметкерлердің денсау­лығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

3) «Үздік ұжымдық шарт». Бұл но­минацияда ҚР заңнамасында қарасты­рылған, қызмет­керлердің еңбек және әлеу­меттік құқықтарын едәуір жақсарта­тын және нығайтатын ұжымдық шарттар қарастырылады;

4) «Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміт­керлердің қызметі қаралады.

Конкурсқа қатысу тегін болып табылады.

Үміткерлер жеке кәсіпкерлік субъек­тілерінің жұмысшыларының және қо­ғам­ның әл-ауқатын жақсартуға, оның ішінде кор­поративтік әлеуметтік жауап­кершілігін айқындайтын әлеуметтік бағ­дарламаларын ұсынуға міндетті.

Бағдарламалар және олардың жоба­лары өз бетінше және/немесе жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық қоғам институт­тарымен әріптестік сипа­тында және әлеуметтік саладағы оң өзге­рістерге қол жеткізуге бағытталуы қажет.

Әлеуметтік жауапкершілік бәсеке­лес­тікті арттыруға бағытталуы тиісті.

Конкурсқа келесі үміткерлер қатыса алады, яғни:

1) қызметін 3 жылдан астам уақыт жүзеге асырған;

2) жойылу сатысында емес, банкрот­тық деп танылмаған;

3) еңбек заңнамасының бұзылуына жол берілмеуі керек, оның ішінде жал­ақы­­ға және жұмысшыларға төленетін өзге де төлемдер бойынша қарызының бол­мауы қажет;

4) жұмысшыларымен ұжымдық-еңбек даулары болмауы қажет;

5) Қазақстан Республикасының аума­ғында саяси, кәсіподақ және діни ұйым­дардың іс-әрекетін қолдауға бағыт­талмаған әлеуметтік және қайырымдылық шараларды жүзеге асырған;

6) конкурсқа қатысуға берілетін өті­німдегі ақпараттар шынайы көрсетілген, сонымен қатар құжаттарын толық кө­лемде тапсырған.

Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжат­тарын hr.enbek.kz сайты арқылы тапсырады.

Соңғы екі жыл ішінде лауреат болған номинация бойынша қайтадан қатыса алмайды.

Нақты   ақпарат   пен  кеңесті келесі ме­кен-жайдан алуға болады:

Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар  көшесі, 47 мекен-жайында орналасқан Қы­зыл­орда облысының жұмыспен  қам­туды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ла­малар басқармасының 212 каб, тел.: 26-38-20 немесе тұрғылықты жеріңіз бо­йынша аудандық және Қызылорда қала­лық жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері.