Сахна төрінде − «Жаңа жұлдыздар»

1024

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауы елімізде бүлдіршіндерді үлкен қуанышқа бөлеп отыр. Кеше А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Мажкен» балаларға арналған спорттық-шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа жұлдыз» атты ерекше балалардың шығармашылық кеші өтті.

Шығармашылық кеште үй­ден оқытылатын, облыстық балалар оңалту орталығында, №7 арнайы түзету мектеп-интернатында,  №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы мектеп-интернатында қызмет алатын, №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы мектеп-интернатының тәр­бие­ленушілері өнер көр­сетті. Бірі ән салды, енді бірі мың бұрала билесе, өлең оқып көрермен көзайымына айналды.

Сахна төрінде − «Жаңа жұлдыздар»

− Облыста 5912 мүм­кіндігі шектеулі бала бар. Олардың 1943-і мектепте, 2000-ға жуығы үй­ден оқытылады. Балаларды қоғамға қосу, инклюзивті ортаны дамыту үшін мұн­дай шаралар қажет, − деді облыстық білім басқар­масының бөлім басшысы Шолпан Жүнісова.

Бұған дейін «Кескіндеме, сурет салу», «Бисермен өру» бойынша ұйым­дас­ты­рыл­ған қалалық бай­қау қоры­тын­ды­ланды. Шығар­машылық са­йысқа 70 бала қатысқан. Жеңімпаздар дип­ломмен марапатталды. Аниматорлар балалармен бірге ойын ойнап, қуаныш сыйлады.

Сахна төрінде − «Жаңа жұлдыздар»

Кеш барысында аталған орталық жетекшісі Жандос Тұсмағанбетов  ­балалармен тікелей жұмыс істеп отыр­ған бір топ сала мамандарын марапаттады.  Алғаш рет сахнаға шығып, өнер көрсетіп, дипломмен ма­ра­патталған балалардың жү­зіндегі қуанышты сөзбен сипаттап жеткізу мүмкін емес.

Сахна төрінде − «Жаңа жұлдыздар»

Айта кету керек,  «Мажкен» балаларға арналған спорттық-шығармашылық орталығында 400-ден астам ерекше бала түрлі үйір­ме­лерге қатысады. «Балалар жылына» орай ашыл­ған орталық жұмысы өз же­місін бере бас­тады.

Сахна төрінде − «Жаңа жұлдыздар»
Сахна төрінде − «Жаңа жұлдыздар»
Сахна төрінде − «Жаңа жұлдыздар»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<