Автобус жүргізген Аяз ата

545

0

Аяз атаның кейпіне енген шымкенттік автобус жүргізушісі жолаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған №113 бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісінің әрекеті көпшілікті сүйсінтті. Автобус ішіне шар мен жылтырақтар ілініп, безендіріліп қойған ол жұмысқа да Аяз атаның киімін киіп шыққан. Сондай-ақ, көлікке мінген кішкентай балаларға тақпақ айтқызып сыйлықтар үлестірген.

Жүргізушінің бұл әрекеті әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр. Оқырмандар да түрлі пікірлер жазып, креативті идеямен халыққа қызмет көрсетіп жүрген жанға рахмет айтуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<