Референдум өткізу ел болашағының негізі

515

0

Облыстық референдум комиссиясы республикалық референдумға дайындық және оны өткізудің құқықтық аспектілері тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Шара Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында ұйымдастырылды. Жиналғандар 5 маусымға тағайындалған республикалық референдум туралы, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы, республикалық референдумды дайындау мен өткізу, қаржыландыру, үгіт, электораттық оқытуды ұйымдастыру, дауыс беруді байқау процесінің ерекшеліктері, сондай-ақ референдум туралы заң­наманы бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері бойынша ойларын ортаға салды.

«Республикалық референдум өткізудің кейбір ерекшеліктері туралы» облыстық референдум комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев, «Референдум комиссияларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етудің ережелері мен есеп берудің тәртібі туралы» облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Накипов, «Референдумға қатысушылардың құқықтық жауапкершілігі туралы» Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары Әнуар Муратов хабарлама жасады.

Семинар соңында Облыстық референдум комиссиясының және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері семинарға қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<