Кәсіпкер көмегі

388

0

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген халқымыз.

Қызылорда қалалық маслихат депутаты, ТОО «Қыран» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Сыздықов Бахтияр Нұрділдаұлы №120 Ж.Жабаев атындағы орта мектептің ауласына 1000 шаршы метр жерге асфальт төсеуге қол ұшын берді.

Бұған дейін тозығы жетіп шұрық-тесік болған алаң жаңа күйге енді. Ол жерде оқушылар жазғы денешынықтыру жаттығуларын, әскери дайындық сабақтарын өтеді.

Балалар үшін қаржысын аямаған кәсіпкерге оқушылар мен ата-аналары атынан алғыс білдіреміз.

Жансая Байділдаева,

№120 Ж.Жабаев атындағы орта мектептің

ата-аналар комитетінің мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<