Қазақстандық сәйгүлік Қабирхан басқа елдегі жарыстарға қатысатын болды

240

0

Фото: instagram.com/kabirkhan_qazaqstan

Қазақстандық сәйгүлік Қабирхан басқа елдегі жарыстарға қатысатын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Ұзақ уақыт байланыста болмағанымыз үшін кешірім сұраймыз. Біз үлкен өзгерістерді бастан өткеріп жатырмыз. Қабирхан Біріккен Араб Әмірліктерінен кетіп, ендi… Біздің сүйіктіміз қайда бара жатыр деп ойлайсыздар?», – делінген Қабирханға арналған Instagram парақшада.

Қабирханның жанкүйерлері оның енді қайда баратынына қатысты болжамдарын жазды.

«Тура жолы Америка, ең дұрыс шешім. Қайтып келіп атасы сияқты Дубай кубогын бағындырады деген үміт бар», «Әрине, Ресей. Оны ары қарай Аслангерей жаттықтырады», «Қазақстанға әкелмеу керек қой, әлемнің үздік аттарының қатарында жүре берсін жануар», – деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, Қабирхан наурызда Дубайда өткен әлем кубогіне қатысқан еді. Ол ирландиялық жокей Патрик Доббспен бірге алтыншы нөмірде жарыс жолына шығып, мәре сызығын сегізінші болып кесті. Кейін Қабирханның иесі оның нәтижесіне қатысты пікірін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<