«Крокус Сити Холлда» болған теракт: құрбан болғандар саны 115 адамға жетті

175

0

«Крокус Сити холл» ғимаратына арнайы жасақ кірген сәт. Фото: https://t.me/ostorozhno_novosti

Мәскеудегі Крокус Сити Холлда болған теракт салдарынан қаза тапқандар туралы жаңа мәлімет жарияланды. Қазіргі таңда 115 адам құрбан болғаны анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап.

«Крокус Сити Холл концерт залында теракт болған жерде төтенше жағдайлар қызметі үйінділерді тазарту жұмыстар кезінде тағы да қаза тапқандардың денесі табылды.

Қазір қаза тапқандар саны 115 адамға жетті.

Іздеу жұмыстары жалғасуда», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<