Қазақстандықтар жаңа жылдық дастарханға қанша ақша жұмсайды

477

0

Фото: ашық дереккөз

Жаңажылдық мерекелер адамдарға көтеріңкі көңіл күй сыйлағанымен, үлкен шығынға ұшыратады. Қазақстанның бірнеше қаласында тұрғындар мерекелік дастархан мен сыйлықтарға қанша ақша жұмсауды жоспарлап жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, елорда тұрғындары мерекеге қамданып, жақындарына сыйлық сатып алып жатыр. «Жаңа жылға орай дастархан жаю үшін қажетті азық-түліктің бәрі сатып алынды. Азық-түлік, етке шамамен 150 мың теңге жұмсалды. Отбасымыз бен достарымызға кішігірім кәдесыйлар, балаларға сыйлықтар алдық. Жалақы түгел жұмсалды десе болады», «Көбіне әйелім қамданады. Ақырындап сатып алып отырмыз. Егер Жаңа жылда қонақ шақырсақ, азық-түлікке шамамен 100 мың жұмсалады», «Біз әлі барлығын сатып алған жоқпыз, бірақ ештеңе етпес, арзан нәрсе жоқ. Одан соң тағамдарға, жаңажылдық сыйлықтарға, ойын-сауыққа жұмсаймыз», – деп бөлісті Астана тұрғындары телеарна тілшілері жүргізген сауалнама кезінде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<