Шеберлік сағаты өтті

308

0

Қазан айының соңғы күндері Қызылорда қаласындағы «Дағдарыс» қамқорлық орталығында екі бірдей шеберлік сыныбы өткізілді.
Бұл іс-шаралар облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырымен «Аймақтағы отбасылық-демографиялық саясатты насихаттау» әлеуметтік жобасы аясында «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Алғашқы шеберлік сынып қолөнер бұйымдарын жасауға арналды. Ол «Шаңырақ» клубының мүшесі Аружан Жаңғабылдың жетекшілігімен жүргізілді. Қолдан жасалған өнер бұйымдарынан кішігірім көрме ұйымдастырылып, шашқа тағатын жиек (ободок) жасау жұмысы көрсетілді. Әртүрлі моншақтар мен әшекей тастардан арнайы ине, жіптер көмегімен жасалған бұйым қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Әрі жеңіл, әрі көркем бұйымды жасау арқылы, табыс көзін табуға мүмкіндік туғызатындығын түсінген қатысушылар түрлі сұрақтар қойып, ризашылықтарын білдірді. Шеберлік сынып барысында дайындалған бұйымдар қатысушыларға сыйлық ретінде берілді.
Екінші шеберлік сынып кондитерлік өнімдер пісіруге арналды. Оны көпбейінді қалалық аурухананың аспазы Арайлым Қайратқызы жүргізді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған шеберлік сыныбында бисквитті торт пен сүзбе қосылған пирогты дайындаудың ингредиенттері мен дайындау техникасы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, өте тәмді өнімдер дайындалды. Іс-шараға қатысушылар торт пен пиоргтың дәмін татып, жоғары бағасын берді. Бұл іс-шара да қатысушылар үшін өте пайдалы болды. Осындай кондитерлік өнімдерді пісіру арқылы да табыс көзін табуға болатындығын ескеріп, қатысушылар торт, пирог пісірудің қыры мен сырын видео жазбаларына қалдырып, шебер аспазбен байланысып тұруға ұсыныс білдірді.
Шеберлік сынып соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<