«Салтанаттың ағасы хайп қуып жүр». Айтбек Амангелді ресейлік блогердің айыптауына жауап берді

1648

0

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді ресейлік блогер Наталья Грейстің айыптауларына жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресейлік блогер өзін нейрохирург ретінде таныстырып, айыпталушыға қатысты жеке пікірін білдірген болатын.

«Менің бақылауым бойынша, сотталушы қылмысты аффект жағдайында жасаған, мұны көптеген белгі көрсетіп отыр. Мен Айтбек бұл оқиғаның коммерциялық жағына қызығып тұр деп ойлаймын, сондықтан мейлінше сот отырысын созып, оқиғадан көбірек пайда тапқысы келеді. Өйткені көп адам коммерциялық негізде «хайп» деген нәрсемен айналысады», – деді ол.

Айтбек Амангелді қазіргі уақытта сот, БАҚ, әлеуметтік желі – толыққанды жұмысқа айналған. Сондықтан оның әдетте кездесуге уақыты табыла бермейтін көрінеді.

Айтбек Амангелді ресейлік блогерге сотқа қатысу үшін аккредитация керегін айтқан. Ал сұхбат уақыттарының бәрін менеджері арқылы келісу керегін ескерткен.

Айтбек Амангелді уақытты менеджермен келісу керегін айтқан. Дегенмен ресейлік блогер ол сатылатын блогер деп айыптай бастаған.

Бастапқыда кездесуде видео түсірілмейтіні айтылған көрінеді. Айтбек Амангелдінің сөзінше, мұнда манипуляциялық әрекеттер жатыр.

Еске салайық, ресейлік блогер тілшіге Қазақстан аумағында ақпарат жинау үшін Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігіне тіркелмегенін мойындаған болатын.

«Менің YouTube-арнама миллион адам тіркелген, ал БАҚ Заңы бойынша мыңнан астам оқырманы бар парақша БАҚ болып есептеледі.

Мен Айтбек бұл оқиғаның коммерциялық жағына қызығып тұр деп ойлаймын, сондықтан мейлінше сот отырысын созып, оқиғадан көбірек пайда тапқысы келеді. Өйткені көп адам коммерциялық негізде «хайп» деген нәрсемен айналысады.

Мен Қазақстан аумағында ақпарат жинау үшін Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігіне тіркелмедім. Бірақ бұл маған азамат ретінде ашық дереккөздерден, әлем бойынша жүргізіліп жатқан трансляциядан ақпарат жинауға кедергі келтірмейді. Мен ақталмаймын. Мен өзіме керек ақпараттың бәрін алдым, көзіммен көрдім және бұл шығарылымды мен бәрібір жасаймын. Өзім байқаған барлық заңбұзушылық пен қоғамға жасалып жатқан қысым туралы ашық айтамын. Сот отырысына екінші рет кіретін ойым жоқ», – деді блогер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<