Тәжірибе алаңының екінші күні: идея мен тәжірибе алмасудың кәсіби алаңы

97

0

Фото: автордан

Тәжірибе алаңының екінші күні түрлі бағыттар бойынша кәсіби байқаулар, шеберлік сыныптар, спорттық ойындар және мәдени шаралар өткізілді.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық тәжірибесі – жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Осыған орай, білікті ұстаздардың педагогикалық шеберліктерін шыңдау, өзара тәжірибе алмасу, шығармашылық жұмыс істеуге бағыттау мақсатында «Үздік шеберлік сынып – 2024» кәсіби байқауы өткізілді. Белгіленген критерий негізінде әрбір қатысушының жұмысына талдау жасалып, бағыт-бағдар берілді, ұсыныстармен толықтырылды.

Алаңның алғашқы күні өткізілген «Педагогикалық рефлексиядағы зерттеулер: Lesson Study және Action Resources», «Педагогтің кәсіби дамуын басқару» тақырыбындағы шеберлік сыныптар жалғасын тапты. Шеберлік сынып барысында LS және AR мүмкіндіктерін педагогикалық тәжірибеде қолдану дағдыларын жетілдіру бойынша практикалық жұмыстар орындалды.

Шығармашыл мұғалімдердің идеяларын қолдау, педагогикалық идеялар арқылы мұғалімдер тәжірибесіне оң ықпал етуді көздейтін «Педагогикалық идеялар аукционы» өткізілді. Аукционға 16 жұмыс келіп түсті. Педагогтердің идеялары мен жобалары сарапталып, үздік жұмыстар анықталды.
Тиімді оқыту мен оқудағы педагогтің кәсіби дамуындағы проблемалар мен зерттеу сұрақтарына негізделген әрекеттерін анықтау мақсатында «Үздік демо-сабақ – 2024» байқауы өткізілді. Байқауға қатысушы әр мұғалім жаңартылған және педагогикалық іс-әрекеттегі зерттеу сұрағына негізделіп жоспарланған қысқа мерзімді жоспарын ұсынып, жоспарға сәйкес сабақтың үзіндісін қорғады.

Алаңның екінші күні өткізілген байқаулар мен шеберлік сыныптардың қорытындысы бойынша үздік жұмыс көрсеткен қатысушылар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Жиын аясында әр күннің мазмұнды, қызықты өтуі үшін мәдени және спорттық шаралар да ұйымдастырылды. Үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындары өткізіліп, жеңімпаз командалар анықталды. «Әзілің жарасса…» әзіл-қалжың кешіне қатысушы командалар қызықты әзілдерімен кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Алаң жұмысын ұйымдастырушылар мен сарапшылар екінші күні өткізілген шараларға сараптамалық талдау жүргізіп, рефлексия жасады.

«Өрлеу» Қызылорда филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<