ҰҚК қызметкерлері бес қазақстандықты ұстады

209

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының көмегімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ құзырлы органның ресми сайтына сілтеме жесап хабарлайды.

2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 кг апиынды сатуға әрекеттенуі кезінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталды. «Бұдан басқа қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Құзырлы орган мәліметінше, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<