Жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды

352

0

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қызылордада жалпыоблыстық сенбілік өтті. Тазалық науқанына барлық қала, аудандардағы тұрғындар белсенді қатысты.

Сенбілікке барлығы 169 мекемеден 1810 адам атсалысып, 15 арнайы қоқыс жинайтын техника жұмылдырылды. 21 көше және Белкөл трассасы, аспалы көпір аумағы, әуежай бағыты тазартылды. Нәтижесімен орталық полигонға 500 м3 (150 тонна) қоқыс шығарылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<