Мәслихат төрағаларын қабылдады

268

0

Фото: Қала әкімдігі

Биыл жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар институтының құрылғанына 30 жыл толды. Атаулы жыл аясында алғашқылардың бірі болып, Қызылорда қаласында «Халыққа қолайлы инфрақұрылым. Жайлы шаһар жасау бастамалары» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі ауқымды шараға еліміздің 8 өңірінен келген қалалық мәслихат төрағалары мен депутаттарын қала әкімі Серік Қожаниязов қабылдады.

Қабылдауда шаһар басшысы қалада атқарылған жұмыстар мен алдағы перспективалық даму жоспарларымен таныстырды. Өз кезегінде әр өңірдің халық қалаулылары облыс орталығының сәулеттік келбетіне, дамуына, тазалығына жоғары бағаларын берді.

Бүгінгі шара мәслихаттардың өзара әріптестік байланысын нығайтып, тәжірибе алмасуларына мол мүмкіндік береді. Қала әкімі өңірлік мәслихат төрағаларына арналған семинар-кеңестің жұмысына сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<