Елдің сенімі — ерге қуат

629

0

ҚР Президентін ұлықтау шарасы жоғары деңгейде өтті. Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің алдағы 7 жылдық қызметін халықпен бірге абыроймен атқаруға сенімді екенін жеткізді.

Сайлауалды бағдарламасында жоспарлаған шаралардың барлығын іске асыруды бүгіннен бастайтынын және алғаш қол қоятын Жарлығы ауылды өркендетуге арналатынын атап өтті. Бағдарламасында еліміздің барлық саласының өзекті мәселелері бар. Олардың бәрі оңтйлы жүзеге асып, шешімін табатынына сенеміз.

Алдағы Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты құжатқа да бүгін қол қоятынын жеткізді. Жастарға да үлкен сенім артатынын атап өтті.

«Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» қағидасы бойынша жұмыс жасалады. «Әлілетті мемлекет, әділетті экономика, әділетті қоғам құруда алда үлкен жұмыстар тұр. Біз оған бірлесе жұмыс істеп жетеміз. Ең басты тірегіміз – халық!»- деді Қ.К.Тоқаев.
Мемлекет басшысының өзіне сенімі зор. Алдағы ел игілігі үшін атқарылар жұмыстардың абыроймен іске асатынына біздің де сенім мол. Еліміз өсіп-өркендей берсін!


Ибадулла ҚҰТТЫҚОЖАЕВ, қалалық мәслихат хатшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<