Сайлау процесін 80 мыңнан астам ұлттық байқаушы қадағалады – ОСК төрағасы

441

0

Дауыс беру күні байқауды 80 мыңнан аса ұлттық байқаушы бақылады. Бұл туралы сайлаудың алдын ала қортындысын жариялау кезінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дауыс беру күні байқауды 80 мыңнан аса ұлттық байқаушы жүзеге асырды. Оның ішінде кандидаттардың саяси партиялардың 38 908 сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың 19 036 байқаушысы, 252 аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің 23 383 байқаушысы және халықаралық ұйымдардың 793 байқаушысы қатысты», – деді Нұрлан Әбдіров.

Еске салайық, бүгін ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<