Тұңғыш Президент халықтың табысы 9 есе өскенін айтты

1044

0

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың табысы 9 есе өскенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Тәуелсіздік алған жылдары экономикамызға 365 млн доллардан астам қаражат тарттық. Әлем елдері бізге инвестиция тартып, елдің әлеуетін көтеруге ықпал етті. Менің бастамам бойынша құрылған Ұлттық қор бізді күні бүгінге дейін құтқарып келеді. Міне, қазір пандемияның белең алған кезі. Былтыр Қазақстанның экономикасы үшін айтарлықтай қиын болды. Осыған орай қазіргі таңда кең ауқымды индустрияландыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр», деді Елбасы.

Елбасы сондай-ақ, қысылтаяң сәтте «Нұрлы жол» бағдарламасының септігі тигенін тілге тиек етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<