Қазақстанның 12 университеті әлемдік рейтингке енді

1150

0

Сурет: akorda.kz

2024 жылғы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі үздік университеттердің рейтингі жарияланды. Тізімге алғаш рет қазақстандық 12 жоғары оқу орны енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғары білім саласындағы жаһандық аналитикалық агенттік 2024 жылғы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі әлемдегі үздік университеттердің рейтингін жариялады.

Университеттердің жұмысы келесі критерийлер бойынша бағаланды: әлеуметтік әсер, қоршаған ортаға әсер және басқару моделі. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі әлемнің үздік университеттерінің рейтингі 95 ел мен аумақтан 1397 университетті қамтиды, бұл өткен жылғы пилоттық басылымдағы рейтингке қатысушылардың санынан екі есе дерлік көп. Оның ішінде Қазақстанның 12 жоғары оқу орны бар.

«Алдыңғы орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті иеленіп отыр, ол рейтинг нәтижелері бойынша өңірдегі ең үздік университет болып қана қоймай, әлемнің 500 үздік университетінің қатарына енді. Одан кейінгі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ), ол рейтингке қатысқан 700 үздік университеттердің қатарына кіреді. Сонымен қатар, Қазақстанның тағы үш университеті рейтингтегі үздік 1000 университеттің қатарына енді, бұл Қазақстанның ағымдағы тұрақты даму ықпалының артып келе жатқанын көрсетеді», – делінген зерттеушілердің баяндамасында.

Рейтингтегі жетекші орындарды Канада, АҚШ, Ұлыбритания және Жаңа Зеландия университеттері иеленді. Бұл елдердің университеттері тізімнің алғашқы бес жолында орналасқан.

Бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университеттер студенттердің басым бөлігін жатақханамен қамтамасыз етуді талап ететінін айтқан болатын. Олай болмаған жағдайда оларға лицензия берілмейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<