«Ashyq» жобасы туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

933

0

1. Статусты нысанға кірмей қашықтан тексеруге мүмкіндік қарастырылған ба?

Иә, статусты үйден шықпай-ақ http://ashyq.kz/ сайтынан қашықтан тексеруге болады. Статусты тексеру үшін қосымшаны жүктеп алу қажет. Осы ретте сайтта орналасқан QR бейтарап болады, яғни код ешқандай бизнес нысанына жатпайды. Республика көлемінде орта есеппен тәулігіне 3 мыңнан астам азамат осы сервисті пайдалануда. Күніне қашықтан 80-130 азаматтан «қызыл» статус анықталып жатыр.

2. Қосымшада вакцина алған адамдар қалай анықталады?

Ағымдағы жағдайда вакцина алған адамдар туралы деректер қосымшада көрінбейді. Қазіргі кезде «Ashyq» жобасын вакциналау паспортымен біріктіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жүйелерді интеграциялаудан кейін вакцина алған азаматтарға қосымшада «жасыл» статус белгіленеді. Сонымен қатар COVID-19-ке ПТР-тестілеуі (72 сағат) теріс шыққан адамдарда «жасыл» статус болады. «Көк» статус ПТР тестілеуі жоқ және науқас адамдармен байланыста болмаған адамдарға беріледі. Қосымшаның қалған әдістемесі өзгеріссіз қалды.

3. Нысандарға «Ashyq» қосымшасы арқылы ғана кіру азаматтардың еркін қозғалуға қатысты конституциялық құқығын бұзбай ма?

Азаматтардың конституциялық құқығы бұзылмайды, өйткені «Ashyq» жобасын бизнес субъектілері ерікті түрде қосып жатыр. «Ashyq» жобасына қатысушы бизнес иесі келушілер статусын тексеру жауапкершілігін өзіне алады. Бүгінде нысанға кірерде республика бойынша «қызыл» статусты 1236 адам және «сары» статусы бар 541 адам анықталған.

Келушілердің статусын тексеру келушілердің өзіне артықшылық береді, өйткені «Ashyq» жобасын іске қосқан нысанға барған адам айтарлықтай қауіпсіздікте болады. Сондай-ақ, вирусты жұқтырған азаматтарды анықтауға мүмкіндік беретін қосымшаның қосымша функциясы арқылы жобаға қатысушы кәсіпкерлер басқа кәсіпкерлік субъектілерімен салыстырғанда жұмыс кестесін ұзарту тұрғысынан жеңілдіктер ала алады.

4. «Көк» статус деген не, ПТР-тестілеуді мүлде тапсырмаған адамдар қоғамдық орындарға баруға жол ашатын «көк» статустың берілуі қоғам үшін қауіпсіз бе?

«Көк» статус бейтарап белгі, демек мұндай статусы бар адамдар ҚР ДСМ базасында ПТР-тестілеуі оң науқастар қатарында жоқ және науқас адаммен байланыста болмаған. Келуші статусының өзгеруі ҚР ДСМ деректер базасындағы ақпаратқа байланысты.

5. Егер ковидпен бұрын ауырған адамның статусы «жасыл» емес «көк» болып шықса?

«Жасыл» статус келушінің деректер базасында ПТР тестілеуі теріс шыққан азамат ретінде тіркелгенін білдіреді. «Жасыл» статус 72-сағатқа ғана сақталады да, ары қарай «көк» статусқа өзгереді.

6. Азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі қалай сақталады (байланыс нөмірлері, ЖСН)?

Қазіргі таңда «Ashyq» жобасы «Электронды үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инрфақұрылымы операторы болып табылатын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ серверінде қорғалған контурда орналасқан.

7. «Ashyq» жобасын AppStore арқылы жүктеуде техникалық олқылықтардың шығуына қатысты пікір білдірсеңіздер?

AppStore есептік саясатының өзгеруіне байланысты қосымшаны ағымдағы жылдың 5 мамырынан бастап жүктеп алу уақытша тоқтатылды. Өз кезегінде осы күнге дейін мобильді қосымшаны AppStore арқылы жүктеп алған азаматтар қосымшаны қолдана береді, ал жаңа қолданушылар нысандарға бизнес субъектісінде орнатылған «күзетші режимі» арқылы кірген. 5 мамыр күні AppStore-дан қосымша бұғаттан шығып, жүктеуге қолжетімді болды.

8. Қосымшада азаматтардың жүріп-тұруын бақылау мүмкіндігі бар ма?

«Ashyq» мобильді қосымшасы азаматтардың орналасқан жерін бақылауға қатысты функциясы жоқ. Телефон баптауларында әр адам қосымшаның неге рұқсат сұрап жатқанын көре алады. 9. Сынақ режимі деген не? Сынақ режимінде жобаға қатысып жатқандарға жеңілдіктер қарастырылған ба? Қатысушылар мен сынақ-қатысушылар арасында қандай айырмашылық бар? Сынақ кезеңінің ұзақтығы қандай?

Бизнес субъектілері QR-кодын алғаннан бастап алғашқы 7 күн сынақ режимінде жұмыс істеуге құқылы, яғни процестерді реттеп, қызметкерлерді оқытады. Сынақ режимінде жұмыс істеп жатқан ұйымдарға «Ashyq» жобасы аясында қарастырлған барлық жеңілдіктер беріледі.

Тестілеу кезеңінде бақылау топтары қатысушыларға қатыссты ескерту жасай алады, бірақ оларды жобадан шығармайды. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін, егер мониторинг тобы жобаға қатысу талаптарының бұзылғанын анықтаса, кәсіпкерлік субъектісі 2 аптаға жобадан шығарылуы мүмкін.

10. «Ashyq» жобасын қатысатын және қатыспайтын ШОБ нысандарының жұмыс кестесінде қандай айырмашылық бар?

Қосымшаның індетке шалдыққан адамдарды анықтауға мүмкіндік беретін қосымша функциясы арқылы жобаға қатысушылар басқа бизнес субъектілеріне қарағанда жұмыс кестесі бойынша бірқатар жеңілдікке ие. Мысалға «қызыл» аймақта бильярд, компьютер клубтары, боулинг, караоке, көрмелер жұмысына тыйым салынған. Бірақ, осы салаларда Ashyq жобасымен жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер жекелеген шектеулермен жұмыс істеуге рұқсат алады. Шектеулер және жеңілдіктер тізімі Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №18 қаулысымен анықталған.

11. Мемлекеттік органдар Ashyq жобасы арқылы жұмыс істей ме? Оларға қосымшада жұмыс істеу алгоритмдері бизнестен бөлек пе?

Қазіргі кезде мемлекеттік органдардың Ashyq қосымшасымен жұмыс істеуі ерікті ретінде мүмкін, жеңілдктер берілмейді.

12. Мониторинг топтары заңсыз әрекет жасаса, қайда хабарласуға болады?

ҚР Бас прокуратурасында 115 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді (қоңырау шалу тегін), осы нөмірге кәсіпкерлер карантиндік шектеулер бойынша тексерулер кезінде мониторинг топтарының заңсыз әрекеттері туралы шағым түсіре алады. Сонымен қатар, бизнесті қорғаудың өңірлік мобильді топтары тәулік бойы жұмыс істейді.

13. «Ashyq» жобасының ерікті қатысушылары кім?

Жобаға ерікті қатысушылар ретінде қызметіне жұмыс істеу рұқсат етілген (Бас санитар дәрігердің №18 қаулысына сәйкес) және карантиндік кезеңге

арналған іс-шараларды жүргізудің бекітілген алгоритмдері бар нысандар қосыла алады.

«Ashyq» жобасына ерікті қатысушыларға қатысты жеңілдіктер қарастырылмаған. Жобаға ерікті қатысушылар туралы ақпарат әкімдіктер сайттарына жариялау жоспарланған.

14. Шетелдік азаматтарды қалай белгілеуге болады?

Қазіргі кезде бейрезиденттерді нысанда төлқұжат нөмірін қолмен теру арқылы тіркеуге болады. Шетелдіктер ПТР тапсыруында төлқұжат деректері терілетіндіктен Денсаулық сақтау министрлігінің деректер базасымен салыстыру іске асырылып, келушіге сәйкес статус беріледі.

15. Желі немесе қосымшаның өзінде техникалық ақау орын алса не істеу керек?

Интернет, wi-fi-ға байланысты техникалық ақаулар шыққанда бизнес субъетісі жұмыс істеуін тоқтатпайды. Техникалық кедергілер туындаған кезде нысанға «күзетші режимін» қосып, келушінің деректерін қолмен теруге кеңес береміз.

Анықтама үшін:

«Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

«Қызыл» түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.

«Сары» түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

«Көк» түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.

«Жасыл» түс – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.

Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға кіреберісте және шыға берісте ең кемі 2 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке qr-код беріледі.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<