Ибраев борышкерлердің шотын бұғаттау туралы: Банк құрылымдарының мұндай әрекеттері заңсыз

1166

0

BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының басқарма төрағасы Ернар Ибраев  «Атқарушылық іс жүргізуде азаматтардың құқықтарын қорғау, проблемалар және оларды шешу жолдары» дөңгелек үстелі барысында айтты.

Тағы бір мәселе, банктік шоттарды қамауға алған кезде жеке сот орындаушылар шешімде қамауға алынған соманы көрсетеді. Іс жүзінде екінші деңгейлі банктер шоттың барлығын бұғаттап, борышкерді қалған ақшасымен басқару мүмкіндігінен айырады. Банк құрылымдарының мұндай әрекеттері заңсыз  (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тиісті түсіндірмелері бар) және халық арасында әділетті түрде  наразылық тудыруда, өйткені аударымдар мен дүкенде төлем жасай алмайды, – деді ол. 

Ибраев атағандай, проблеманы шешу үшін Әділет министрлігі, жеке сот орындаушылары республикалық палатасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы бірлесіп ЕДБ тарапынан қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау мәселесін пысықтау қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<