Ынталыға ырыс келеді

629

0

Сырдария ауданында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарының саны өткен жылмен салыстырғанда 15 процентке артқан. Өңірдегі өрелі істер аудан халқының әл-ауқатын арттырып келеді. Қала іргесіндегі ауданда былтыр 5 млрд 658 млн теңгенің өнімі өндірілген. Мұнай өндіру көлемі төмендегенмен, агросекторды дамытуға мол мүмкіндік те, еңсерілген шаруа да жеткілікті. Бірнеше жыл қатарынан «Алтын дән» мерекесінде алдыңғы орыннан көрінді. Көш бастаған сәттері де аз емес.

«Еңбек» нәтижелі жұмыс­пен қамту және жаппай кә­сіп­­керлікті дамыту» бағдар­ла­масының екінші бағыты бо­­йынша былтыр «Аграрлық не­сие серіктестігі», «Ауыл ша­­руа­шылығын қаржылай қол­­дау қо­ры», «Өңір­лік ин­вес­­тициялық орта­лығы» меке­­мелері ар­қылы құны 462,1 млн тең­ге тұратын 156 жобаға несие бе­рілді. Тың идеясын жол­ға қойып, кәсіп бастаймын деген­дер де аз емес. Аталған бағ­дарлама аясында 200 тұрғын 86,8 млн теңге қайтарымсыз қа­ражат иеленді. Сондай-ақ, «Микробизнес – Қызылорда» бағ­дарламасы арқылы 38 жо­ба, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен 19 жоба қар­жыландырылған. Жыл көле­мін­де аудандық кәсіп­керлер па­латасы арқылы «Биз­нес-ке­ңесші» курсын 218 адам тә­мамдаса, «Бастау-бизнес» кур­сында 230 адам оқыған.

Көңілге жылу

сыйлады

Тереңөзек кентінде газдан­дыру қызу жүруде. 2019-2020 жылдарға 2,4 млрд теңге қа­ралған. Аудан орталығын 6 учас­токқа бөліп, мамандар құбыр жүргізуде. Бұл участоктардың жартысында жұмыс аяқталған. Қалғанын қыркүйекке дейін бітіру жоспарланыпты.

– Бүгінде 80 үй газға қосы­луға дайын. Өткен жылы 9 ме­ке­менің қазандығын сақадай сай еттік. Алдымызда 11 меке­мені даярлау міндеті тұр. Бір ерекшелігі, біз газ құбырын жер астынан жүргізіп, әрбір тұрғын үйдің тұсына шкаф қойып кетеміз. Жер астынан жүргізу әрі қауіпсіз болмақ. Басқа да құбырлар жолын есептеп, бар­лығын пысықтап алдық, – дейді аудандық тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары бөлімінің бас­шысы Ержан Бахтияров. 

Адал еңбектің

наны

Ырысы тасыған берекелі ауылдың бірі – Ақжарма. Үш мыңға жетер-жетпес халқы бар елді мекеннің шаруасы шалқып тұр. Мұндағы қожалықтар халық қамын алдыңғы орынға қойған. Жас мамандарды бас­панамен қамтамасыз ету­ді дәс­­­түрге айналдырған ауыл­да жа­қында Шайымовтар отба­сы­на жаңа үйдің кілті табыс­талды.

– Отағасы Тимур – шаруа­шылықта механизатор. «Елде болса ерінге тиеді» деп адал еңбектің нанын жеп жүрген жанбыз. Қос бүлдіршінді тәр­биелеп отырмыз. Жолдасым көпбалалы отбасынан шыққан. Ел ағаларының қолдауына ал­ғысымыз шексіз, – дейді Айжан Сүлейменова.

Ажары айшықты ауылда кә­сіпкерлік саласы да кең қанат жайған. Салық көле­мі 5 млн теңгеге жетті. Ауыл тұр­ғындарының тың жоба­лары қолдау тауып, 23 грант жеңіп алса, 22 азамат жеңіл­де­тілген несиеге қол жеткіз­ген. Түнде шамдары жарқы­ра­ған мекенде жол жөндеу ісі де қарқын алыпты. Биыл 8 көше асфальтталып, жарық­тан­дырылмақ. Бұрынғы қара жол­дар жоқ десе де болады.

– Ауылдағы ең ірі қожалық – «Ақжарма и К». Онда 400-дей тұрғын жұмыспен қам­тылған. Тәулігіне 60 тонна күріш ақтайтын зауыт жұмыс істеп тұр. Осы күнге дейін шаруашылықта жұмыс істейтін 8 отбасына үй берілсе, енді 5-інің құрылысы жүріп жа­тыр. Былтыр «Үлгілі ауыл» конкурсынан үшінші орын алдық. Елді дамыту мақсатында ауызбіршілікті алға қойып жұмыс істеп келеміз, – дейді ауыл әкімі Ерлан Ешмұратов.

«Айшаның» айы

оңынан туды

Тереңөзек кентінде «Айша» кондитерлік цехының ашыл­ғанына көп болмады. Десе де, өз тұтынушыларын тауып үл­герген. Кәсіпкер Гүлжан Әбді­ғаппарова тәтті тоқаш пісіруден бұрын кәсібін наубайханадан бастаған. Алғашқылардың бірі болып нан пісірген оны аудан жұртшылығы таниды.

– Сол наубайхананы үлкей­туді көптен бері ойлап жүрген­мін. Алдыңа мақсат қойсаң, же­тесің деген рас екен. Аудан ор­талығынан дүкен сатылады екен. Оның нарықтағы мүмкін­дігін зерттедім. Содан соң сатып алып, ғимаратын бұзып қайта салдым. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарла­ма­сының бірінші бағыты бо­йынша «Халық банкінен» 14 млн теңге несие алдым. Мемлекет берген осынша мүмкіндік кәсі­бімді өр­кендетуіме даңғыл жол ашты. Бүгінде 800 бөлке нан, тоқаш, торт, т.б. өнімдерді бір күнде пісіреміз, – дейді кә­сіпкер.

Ісіне шебер

Шағдат

Осыдан 7-8 жыл бұрын аудан орталығында автокөліктің қо­салқы бөлшектерін сататын екі дүкен бар еді. Оның бірін Шағдат Қайранбаев ашқан. Одан бері де біраз уақыт өтті. Былтыр ол автокөлік жөндеу орталығын ашты. Бұл мақсатта «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен «Халық бан­кі» арқылы 9,3 млн теңге несие алды. Орталықта бес адам жұ­мыс істейді.

– Жөндеу орталығымен қо­са көлік жуу орнын да аш­тым. Бір күнде 30-40 келуші бар. Қалаға сабылмай-ақ, авто­көліктің ақауын осы жерден тауып, жөндей береді. Халыққа да қажеті сол. Тұрақты келу­шілерімізге жеңілдік те бар. Арнайы келісімшарт арқылы мекемелермен де жұмыс істейміз, – дейді кәсіпкер.

Д.Қырдан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<