Анардың дәні де, қабығы да қажетке жарайды

1038

0

Қазір анар жемісін табу қиын емес. Көпшілік оны қаназдықта пайдалы жеміс деп жатады. Бірақ бидай секілді майда дәндерден тұратын анардың емдік қасиеті жалғыз ол емес. Мәселен, асқазан ауырғанда жарты стакан анар шырынын ішсеңіз, жарты сағаттан кейін ауру басылады. Ал жүрек ауруларының алдын алуды ойласаңыз, онда күн сайын таңертең ашқарынға бір стакан анар шырынын ішкен жөн. Жас ұлғая көп адамда өтте, өт жолында тұз бен құм жинала бастайды. Бүйрек пен қуықта да солай тас түзілетіні түсінікті деп жазады «Ауырмаңыз! » газеті. Одан анар шырыны арқылы арылуға болатынын білесіз бе? Ас қасық шырынды күніне 5-6 рет астан 20 минут бұрын ішіп тұруыңыз керек. Екі аптадан кейін бір апта үзіліс жасап, емді тағы қайталауға болады. Анар шырыны ағзадағы түзілген құм мен тұзды орнынан қозғап, «қуып» шығады.

Жемісті қажетке жаратып болған соң қабығын тастауға асықпаңыз. Халық медицинасында анардың қабығын жас балалардағы ангина мен дизентерияда қолданған. Ол үшін 5 грамм қабықты ұнтақтап, 100 грамм суға 10 минут ақырын қайнату керек. Оны шай қасықпен күніне үш рет ас алдында ішкізуге де, тамақты шаюға да болады.Іш сұйылып өткен кезде анардың майда қызыл дәндерін қуырып, көкнәр тұқымымен қосып қайнап тұрған сумен ішетін болса тез жәрдем етеді. Тіс ауырған кезде анар дәндерін балмен қосып шайнап жесе ауырсынуды басады, тіс түбін бекітеді әрі тазалайды. Тіс түбі қанаған кезде анар қабығының ұнтағына тең мөлшерде қыша шөбін, қырмызы гүлінің ұнтағын қосып, қайнатып, ауызды шаю керек. Емдеу мерзімі – 10 күн.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<