Коронавирус: Қызылордада науқастар саны 400-ден асты

822

0

Қызылордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 402-ге жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 245. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.


– Соңғы тәулікте 22 дерек тіркелді. Оның 2-уі – Қызылорда қаласынан, 3-уі – Жаңақорғаннан, 17-сі – Аралдан. Анықталғандардың 3-і – медицина қызметкерлері, 19-ы – науқастармен қарым-қатынаста болғандар, – деді ол.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<