Қазақстанда А гепатитімен сырқаттанушылықтың өсуі тіркелді

2382

0

Фото: ©РИА НОВОСТИ

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда А гепатитімен сырқаттанушылықтың өсуі тіркелгенін хабарлады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелген, бұл былтырғымен салыстырғанда 1,9 есе жоғары. А вирустық гепатиті лас су, ластанған тағам және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қол арқылы беріледі», – делінген хабарламада. 

Ведомство мәліметінше, аурудың белгілері – дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу. Инкубациялық кезең – 14-тен 35 күнге дейін.

ДСМ мәліметінше, А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады.

Вакцинациялауға жатады:

  • екі жастағы балалар;
  • инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар.

 Қалай сақтануға болады:

  • тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;
  • ашық су қоймаларынан қайнатылмаған су ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;
  • ластанған су айдындарында шомылуға болмайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<