Қызылордада COVID-19 белгілері жоқ 50 адам тіркелді

1392

0

Қызылордада коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 465, ал сипмтомсыз – 50. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте 4 дерек тіркелді. Оның ішінде Қызылорда қаласынан – 2, Шиелі ауданынан – 1, Жаңақорғаннан – 1», – деді ол.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 5344 адам анықталды. Оның 3140-ы тікелей, 2204-і жанама байланыста болған.

«Құрметті облыс тұрғындары! Статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз», – деді басқарма басшысы.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<